Бүгінде Youtube каналында аса танымал бейнебаяндарының бірі «Алло» атты хит әні халық арасында тез тарап, қызығушылық тудырды. Ауылдағы қыздың рөлін сомдаған керемет әнші Ерке Есмахан 1show.kz берген сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.
Жеке шығармашылық. Жеке шығармашылығым «Іңкәр» тобынан кейін ана болып, жаңа өмірге қадам басқалы басталды. Баян Мақсатқызының қолдауымен «Айша Бибі» әніне бейнебаян түсіріп, елге жеке әнші Ерке Есмахан ретінде танылған сәттерімнің бірі болды, деп айтуға болады.
Қызығушылықтарымның бірі. Күнделікті өмірде «хоббиге» бөлетін уақытым тығыз. Дегенмен, мен үшін әлдеқашан өнердің маңызы зор. Зор еңбегімді шығармашылыққа саламын. Әнші болмасам, әнші болар едім. Себебі, әншілік басты мамандықтарымның бірі болып табылады.
Әнші жайлы маңызды дерек. «Атыма затым сай» адам болуға тырысып, үнемі шыңдала беруді жөн көремін. Бала кезімнен шапшаң болып, сахнаға шығуға ұмтылып жүргенім бар. Тіпті балабақшада жүрген кезімде ән мен биге құмартып, өзге балалармен жағаласып өнер көрсетуге талпынып жүретінмін. Осындай бәсекелестік кішкентайымнан бар екенін аңғардым.
Аты шулы «Алло» әні. Заманауи өмірге сай, қыз бен жігіттің бірін бірі әлеуметтік желі арқылы тауып алып, ауыл мен қаланың өмірі сипатталатын емін-еркін, қызықты бейнебаян идеясын белгілі продюсер Баян Есентаева қолға алды. Сөзі мен әнін Төреғали Төрәли жазып, үздік туынды жасады.
Халық алдында сұлу, тартымды, дарынды әншілердің бірі өмірде жақсы ана, ақылды, байсалды, бақытты әйел орнын толтыруға тырысады.
Салта ГАББАС