«Астана Жұлдызы» ұлттық музыка бәйгесі үздіктерді таңдады

Астана Жұлдызы 2015

Жақында үшінші жыл қатарынан «Астана жұлдызы» ұлттық музыка бәйгесі өткізілді. Қызыл кілем үстіне жарқырап шыққан жұлдыздардың өзгешелігі қандай және жүзден жүйрік атанған жұлдыздар есімдерін 1SHOW.KZ сайтынан оқи аласыздар.

Астана Жұлдызы 2015

Болжамға жатпайтын Астананың ауа райы айтулы күннің өзінде де бір құлпырып, бір түніліп тұрады. Десек те, еліміздің эстрада жұлдыздары халық алдына өнер адамына лайықты көңілді, тартымды болып шықты.

Астана Жұлдызы 2015

Жаңбырдың астында тұрғанмен, көпшіліктің назарын аударып, қызығушылықтарын арттырып шарықтауына жеткізген шараның жүргізушілері Динара Сатжан және Илхам Ибрагим «Астана тв» арнасының тікелей эфирінде қызыл алаңға келген жұлдыздарды қарсы алып, түрлі сауалдарын қойды.

Астана Жұлдызы 2015

Бейбітшілік және келісім сарайына жиналған қауым өздерінің сүйікті әншілерімен селфиге түсіп, қуаныштарында шек болмады. Әсіресе, еліміздің аса керемет «бойз-бенд»топтары «Орда», «Rin’Go» т.б көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Астана Жұлдызы 2015

Кештегі тарихи аса маңызды сәттердің бірі барша өнер адамдарының Батырхан Шүкеновты еске алып, «Музыка мәдениетінің дамуына үлес қосқаны үшін» арнайы сыйымен марапаттауы болды. Аталмыш сый Батырхан Шүкеновтың ұлы Мақсұт Шукеновке берілді.

Жігіттер Үздік жігіттер тобы: «Жігіттер»

Айқын Төлепберген Жігіттер арасындағы үздік орындаушы: Айқын Төлепберген

Assyl Үздік қыздар тобы: «Assyl»

Ернар Нұрғалиев Үздік клипмейкер: Ернар Нұрғалиев

Бүркіт-Аиша Үздік дуэт: Бүркіт-Аиша

Sanda Жаңа тыныс: Sanda

Қыздар арасындағы үздік орындаушы: Жанар Дұғалова; Жыл әні: Жанар Дұғалова – «Ізін көрем»; Үздік мәтін авторы: Қалқаман Сарин; Үздік композитор: Арман Дүйсенов; Үздік өңдеуші: Павел Ли; Үздік жеке концерт: Мейрамбек Беспаев – «Құс қанат ғұмыр»;

Астана Жұлдызы 2015

Сонымен қатар, эстрадамыздың талантты да көрнекті жұлдыздары сахна төрінде өздерінің жаңа туындыларымен таныстырып шықты. Солардың ішінде: Жанар Дұғалова мен Жамиля Джаркимбаеваның бұлбұл құстай шырылдап орындаған әндері көпшілікті таңдандырды. Бейбіт Кушкалиевтің әні мен керемет биі орынды болған көрінісі келесі хит болуға әбден лайықты деп айтуға болады. Ал, әнші Марсель сахна төрінде пәк сезім, таза махаббат стилінде қойылым көрсетіп, жаңа әнін тыңдармандарына арнады.

Астана Жұлдызы 2015

Келесі жылы «Астана жұлдызы» ұлттық музыка бәйгесі жаңа әрі жоғары деңгейде өткізілетініне күмәніміз жоқ! Қазақстан өнер жұлдыздарына табыс тілейміз!

Салтанат ГАББАС

9 Июля 2015
7347
Автор: администратор
Категория: Новости
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
template empty: auth_no2 ()
youtube instagram