Кофе және махаббат

Кофе және махаббат

Күнделікті өмірде кофесіз таңы атпай, онсыз шабыты келмейтіндердің саны аз емес. Ал махаббатсыз өмір сүре алатын адамдар бар ма екен? Осы екеуінің арасында қандай байланыс бар?

Жақында  креативті идеяларымен, әрі сапалы видеоларымен ерекшеленетін КК корпорациясы «Любовь – как кофе» атты алғашқы кысқаметражды фильмін көрермендер назарына ұсынды. Қысқа да болса, ой тастайтын, жастық шақтың қызыққа толы сәттерін анық көрсетеді.

Басты рөлдерді ең көңілді, дарынды, бүгінде танымал шоумэндердің бірі Азат Абыкен және жас модель Алия Алимжанова сомдады. Әрине, фильмнің тақырыбы махаббатқа негіз болғандықтан, ғашық жанның  мұңға беріліп, қыздың жүрегіне жол табуда бірнеше қиындықтарға тап болуға тура келеді.  Бірақ үнемі жанынан табылатын адал досы, әріптесі ақылын айтып, қолдайды.  Айтпақшы, ешқашан әзілі таусылмайтын досы көрермендердің көңілін көтеріп, күлкісін келтіреді.

Шоқан Уәлиханов, КК корпорациясының мүшесі, фильмнің негізін салушы:

Бұл біздің алғашқы маңызды туындыларымыздың бірі деп айтуға болады. Студия адамдарының  күні түні еңбек етуіне күш беретін, әлсіреп қалсаң қуат беретін де кофе деп білеміз. Сол себепті, алысқа дорбаламай, кофе мен екі жастың махаббатын байланыстыратын жеңіл де мағыналы қысқаметражды фильм түсіруге бел будық. Түсірілім барысында демеушілеріміз ауысып, біраз қиындықтар да болды. Ғашықтардың рөлін сомдаған Азат пен Әлия бүгінде аса белсенді жастардың қатарында, таңдаған себебіміз де осы. Көп ұзамай, бұл туынды көпшіліктің көңілінен шығып, сұранысы молаятынына сенеміз.

Алия Алимжанова, жас модель:

Мен үшін бұл кино әлеміндегі жаңа тыныс болды. Сән әлемінде бейнебаяндарға түскенімен, диалог құрған емеспін. Азатпен бірден тіл табыстым деп айта алмаймын. Бір-бірімізге үйренуге тура келді. Ол маған актерлік қабілетімді арттыруға көмектесті. Түсірілім кезінде кофенің түр-түрін жасап, таңдандырмақ болған әрекеттері қызық болды. Фильмнің жалғасы болса, қуана-қуана түсер едім.

Шынымен, соңғы кездері отандық кино саласы дамып келеді. Қазіргі жастардың еш нәрседен мойымай, жаңа жобаларды қолға алуы қуантарлық көрсеткіштің бірі. Мөлдір махаббат пен пәк сезімге толы хикаяларымыз көп болғай! КК корпорация ұжымына табыс тілей отырып, сүйікті кофелеріңіз бен махаббаттарыңыз ешқашан таусылмасын дейміз!

Салтанат ГАББАС

22 Июля 2015
6730
Автор: администратор
Категория: Новости
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
template empty: auth_no2 ()
youtube instagram