Қазақстан мен Ресей музыка әлемінде жарқыраған жұлдыздардың бірі Батырхан Шукенов кенеттен көз жұмғаны қалың елге мәлім болды. Осыған орай, астаналықтар жағажайда бас қосып, сүйікті әншілерін еске алып, халық арасында кең таралған әндерін орындады.
Әрдайым өзінің қарапайымдылығымен ерекшеленген әнші денсаулығының сыр беретіні жайлы жақындары мен өнердегі достарына айтпаган. Түн ортасында ғаламтор желісіне алғашқылардың бірі болып, суық хабарды жария еткен «А’студио» тобының орындаушысы Кэти Тoпурияның instagram парақшасында жазылушылардың таңданған сындары мен өкініштері баса орын алды.
Отандық жұлдыздарымыз болған жайтқа сене алмай, көңілдері босап, әлеуметтік желіде толқығандарын білдірді.
Қайғылы оқиға халықты мұңға салып, бастамашылар тобы қала тұрғындарын жағажайда жинап, сүйікті әншінің танымал әндерін бірлесіп, шын жүректен орындады. Таланты да ақылды, мейірімді әншінің суреттерін қолға алып, гүл шоқтарынан молынан қойып, шамды да жағуға естен шығармады мейірбанды жұрт.
А'Студио тобының фронтмені болған «Джулия» әнін және «Ақ өзен», «Тоқта, түн», «Махаббат сарбазы», «Жаздың жылы кештері», «Сүйгенім емес» сынды композицияларын шырқады. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін еске алу кешіне келгендер көз жасын жасыра алмай, көңілдерін босатты.
1show.kz ұжымы Батырхан Шүкеновтың өмірден озуына байланысты барша қазақ жұртына, отбасына көңіл айтады...