1show.kz. "Turkvizyon 2014". Эксклюзивті сұхбат.

Turkvizyon 2014

Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруді білмейтін 1show.kz компаниясы шоу-бизнестің де белестерін бағындыруда.  Қазан айындағы басты жаңалықтарының бірі - "Turkvizyon 2014" байқауы өткізілгені белгілі. Біздің редакциямыздың тілішілері өнерпаздармен сұхбаттасып, олардың  қызу әсерлері жайлы ақпаратты дайындады.

«Turkvizyon-2014»  Қазақстандық әншілер арасында финалдық іріктеу сынында белгілі әнші, тележүргізуші Жанар Дұғалова жеңіске қол жеткізді. Енді Татарстанның Қазан қаласында ұйымдастырылатын аталмыш байқауында ел намысын қорғайтын болады.

Ән байқауында елімізді таныту үшін Астанадағы  іріктеуде 16 әнші бақ сынады. Кешті Нұрболат Абдуллин ашты. Сахнаға екінші болып, Мархаба Сабиева шықты. Жас әншінің ән айту стилі де киім үлгісі де көрермендердің назарын аударды.  

1show.kz: Мархаба, көңіл-күйіңіз қалай?

Мархаба Сабиева:Рахмет, жақсы. Бірақ қатты қобалжып тұрмын. Жаңа ғана сахнада ән айтып шыққаннан болар.

1show.kz: Жаңағы орындаған әніңіз ерекше. Бұл әніңіз қалай туды?

Мархаба Сабиева: Үш күнде әні мен сөзін жазып үлгергенімізге, мені қолдаған өнер тарландарына өте ризамын. Жаңаша стильді іздеуге талпындық. Жолымыз болатынына сенемін. (күліп)

Қазылар мүшесі оның өнерін жоғары бағалады. Ал нағыз өнер сайысы «Алашұлы» тобы, Жанар Дұғалова, Серік Ибрагимов және «ТТ» тобы мен Дастан Оразбеков арасында қызды.

Саханадан тыс жұлдыздар байқаудан алған әсерлерімен бөлісіп, сэлфиге түсіп, ал үлкен сахнаға енді қадам басып жатқан болашақ жұлдыздардың жанарынан қобалжығаны байқалып жатты.

Барлық әншілер өнерін көрсеткеннен кейін 1 сағат смс арқылы дауыс беру жүрді. Қазақстандықтардың берген дауысы және ұпай сандарымен үздік болған бестік анықталды.

1-орын Жанар Дұғалова

2-орын Нұржан Керменбаев

3-орын Серік Ибрагимов

4-орын «Алашұлы» тобы

5-орын Дастан Оразбеков & ТТ тобы

Сонымен қатар, қазылар алқасының құрамында композитор және продюсер Ренат Ғайсин, айтыскер Айнұр Тұрсынбаева,  әнші Алтынай Жорабаева мен композитор Арман Дүйсенов болды.

Өздерінің тарихи, патриоттық атауы бар «Алашұлы» тобы өздері ойлап тапқан театралдық қойылымымен сахнада өнерлерін көрсетті. Бүгінде ер азаматтардан құралған топтың табынушыларының көптігі, байқауға келген көрермендердің назарынан білінді.

1show.kz: Бүгінгі стильдеріңіз ұлттық киімдер үлгісінде жасалған сынды. Оған кім атсалысты?

«Алашұлы тобы»: Бұл біздің әніміздің мазмұнын сипаттайды, деп айтуға болады. Әніміз өңделіп болған соң, образ таңдап, өзара ақылдасып шешім қабылдаймыз. Суретші біздің ойымызды ары қарай дамытып, көркемдеуге кіріседі. Әлемде неше түрлі қатыгездіктер орын алып жатқандықтан, осыған керісінше ақ ниеттерімізді білдіріп, ақ түсті киім киіп шықтық.

Осындан екінші жыл қатарынан өткізіліп отырған «Turkvizyon-2014»  ән байқауы әлемге әйгілі «Евровидение» баламасы болып табылады.  Жыл сайын көрермен саны да өсуде. Демек, Қазақстандық әншілердің көпжылдық үлесі талап етіледі.

Шоу бизнес әлемінде жұлдыздарды сынайтын, бағалайтын байқаулар көп болса, жаңалығы да мол болады - демекші, ертең елімізді танытатын Жанар Дұғаловаға сәттілік тілейміз!

Салтанат ГАББАС

31 Октября 2014
5664
Автор: администратор
Категория: Новости
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
template empty: auth_no2 ()
youtube instagram