ORDA fm радио толқынындағы үздік жобалардың бірі «Лига Джентльменов» бағдарламасы өзіндік әзілімен, еркін форматымен ерекшелінетіні мәлім. Енді екі тілде жүргізілетін эфир тіпті қызық болмақ. Жақында жарық жұлдыз Алмас Кішкенбаевпен өткізілген жан-жақты сұхбатты оқи отырыңыздар...
Отбасы. Жуырда дүниеге келген сәбиіміздің есімін Калима деп қойдым. Тұңғыш қызымыздың есімін Зере деп әжесі атаған еді.
«Қазақстан дауысы» жобасы. Шынымен, аталмыш жобаның алғашқы кезеңдерінен өту оңай емес. Дегенмен, біздің алдымызға келетін қатысушылар алдыңғы екі сынақтан өтіп қана, басты кезеңге аяқ басады. Біз күніне 40-50 үміткерлердің дауысын естіп, бағалаймыз. Егер өзім қатысушының орнында болсам, қобалжушы едім (күліп).
Тікелей эфир барысында Алмас Кішкенбаевқа арнайы сұрақтар қойылып, ойын жүргізілген болатын. Арада көп жыл өтсе де, SuperStar.kz байқауына бірге қатысқан әріптестерінің дауысын бірден танып отырды. Бүгінде эстрада әншісі бола тұра, қарапайымдылығын жоғалтпаған Алмасқа тәнті болдық.
«Баламен бетпе-бет» бағдарламасы. Есін жаңа ғана біліп жатқан бүлдіршендер, яғни 5 жасқа дейінгі балалар мағыналы сауалдарға өз тілімен, бала тілімен жауап береді. Тележобаның басты мақсаты ата-ананың балаға қандай тәрбие беріп жатқанын бақылау, деп те айтуға болады. Бұл отбасылық бағдарламаның болашақ ұрпаққа берері мол.
Сонымен қатар, «ЛД» Алмас Кішкенбаевтан түнгі клубқа жиі барып тұрасын ба, деген сауалына: «Түнгі клубтан бұрын, әсте көлігімде музыка тыңдамаймын» - деп жауап берді. Кейбір өнер адамдары қызметтен тыс, күнделікті өмірдің тыныштығын естуін қалайтыны мәлім болды.