Артур Төлепов «Лига Джентльменов» эфирінде жаңа әнінің тұсаукесерінде болмай, өзі Ақтауға гастрольдік сапарға аттанды. Дегенмен, оның достары әнші, актер әрі тележүргізуші Тәуекел Мүсілім және Бауржан Сатов, сонымен қатар «Кинопарк» желісінің директоры Ерлан Бұқарбаев эфирдің қонағы болып қайтты. Олар «Без тебя» әні және оның түсірілімі жайлы айтып, Қазақстанда алғаш көрсетілімінде авторды белгілеу мақсатында Артурдың тікелей нөмірін де берді. Сөйтіп, радиожелісінің екі мың шақырым ара қашықтығына қарамастан, Ақтаументікелей байланысқа шықты. Телефон арқылы тілдесуіміз аздап түсініксіз болды, себебі Артур тікелей эфирге күтпеген жерден шығатынын сезгенде емес. Бейнеклиптің түсірілімі барысындағы қызықты жайттарын, онымен қоса Ресейлік әнші, аталмыш бейнебаянның режиссері Алексей Воробьевтің қадағалауымен көлікті өз күшімен балшықтан алып шыққанын анықта-қанық баяндап берді.
«Түсірілім Лос-Анджелестен үш жүз шақырылым жерде Солтон-Си жағасында өткізілді. Күні бойы түсіріліммде болып, азда көпті қызықты жағдайларға тап болдық. Бұл жайлы Алексей Воробьев өзі біздің айтып беруімізді сұраған еді. Сонымен, Солтон-Си – балықтар өз еріктерімен су бетіне шығатын және бұл жағдай 50 жыл шамасында жалғасып келетін өлі көл. Сол жиекте жұмсақ жер бар екен. Егер сол жерге аяқ бассаң, тізеге дейін батып кетуге болады екен. Дәл сол жиекте сюжет бойынша көлігіміз қатты жылдамдықпен жүру сәтін түсірген болатынбыз...»
«Сөйтіп бейнебаянның түсірілу процесін бақылау кезінде қарасақ, Артур мен Алексей ары-бері жүгіріп жүр. Кейін түсірілім тобынан қыздар келіп: «Жігіттер, көлік тұрып қалды, көмектерің керек болып тұр». Біз бірден жүігіп бардық – Олжас, Бауыржан және мен. Ереке бізбен барған жоқ: «Жігіттер, іштей сендермен біргемін!», деді. Жеткен кезде көліктің шынымен отырып қалғанын көрдік, бұны шұғыл түрде шығаруға тырыстық. Себебі күннің батуына дейін түсірілімді аяқтауымыз керек болды. Кешкі уақыт, күн ақырындап батып жатыр, Алексей ашулы, барлығы «Енді не істейміз?» деп уайымдап жүр. Біз көлікті шығарып алуға бар күішімізді, ерлігімізді салып, қозғалтқанмен ештеңе шықпады».
Тәуекел: «Ең қызықтысы, арамызда ең таза Бауыржан ғана болды, қалғандарымыз түгелдей кір болдық!»
Бауыржан: «Байқайтын жайт, мүмкін ең таза шынымен мен болған шығармын, бірақ ақыры көлікті шығаруды ойлап тапқан – мен! Олар бэханы тартып шығару үшін, тракторды шақырмақшы ойлары болған, сол кезде мен «Тоқтаңдар, достар!» Барлығы минуттік үзіліс пайда болған кезде маған жалт қарады, мен ары қарай ойымды жалғастырып: «Мүмкін біз қойып қойған ағаштарды алып, бірнеше см қазып алдыңғы қазып должы тазартып, итерейік - дедім. Біздің күшімізбен және босатылған жолдың арқасында көлік шығады!
«Бұл жайғдайды біз бітірдік…» негізі Алексейдің кәсіпқойлығының арқасында 1 күннің ішінде түсірілді, ал шынына келсек, мүндай бейнклиптер 3 күн қармағында түсіріледі. Түрлі мекендерде түсірдік, сол өзен, соның жанындағы «Солтон-Сити», қалашығында, үйде, жолда. Түсірілімде 50 адам қатысты. Жалпы, жақын арады күтіңіздер, көп күш жұмылдырдық, әсіресе BMW X5. Біз де сонда боламыз, түрлі арнайы эффектер мен соған ұқсастар болады. Жалпы бұл бейнеклип Қазақстанда көз жаттықандарға ұқсамайды, ерекшеліктері жетерлік. Алексей Воробьев түсіргендіктен, казақша және американдық мәденитеттің миксі шықты, сіздерге ұнайды».
- Аса маңызда ақпарат. Түсірілімдерден соң, достар Вегасқа «Cinema Con» кинофестивальға барып, Уилла Смит, Бен Аффлек, Меган Фокс және Киану Ривз сынды әртістерді кездестірді. Уилл немесе Меган қайсысы қатты ұнады сұрағына Бауыржан Уилл Смит деп жауап қатты.
- Бауыржан құпия ретінде өз жоспарымен - 4 жолдар туралы толықметраджы бейне дайындалу туралы жобасын бар екенін бөлісті. Бұл Тәуекел Мүсілімнің жеке жобасымен байланысты, ал ол өз кезегінде АҚШ мен Қырғызстан, әрине Қазақстанмен бірге бір фильм дайындауда. Осындай қалыппен, олардан 2 толық метражды бейнені күтуге болады.
Тағы бірқызығы, Орда Фм студиясында интервью күнінде, әйелдер қауымы ерлерді Отан қорғаушы күнімен( әскерде қызмет етпесе де) құттықтап, дәмді тағамдарға толы дастархан жайып, күтіп отырған мезетте, қонақтар осындай суретке тап болды.