1show.kz Италияда не істеп жүр?

1show.kz Италияда не істеп жүр?

Бүгін Италия елінің Милан қаласында EXPO-2015 көрмесі өткізіліп жатыр. Осындай аса маңызды іс-шаралардың біріне саясат саласының өкілдері мен отандық эстрада жұлдыздары белсене қатысты. Сонымен қатар, біздің әріптесіміз, 1show.kz компаниясының негізін салушыларының бірі Антон Зыкин көрмені көзбен көріп, «Лига Джентльменов» бағдарламасының тікелей эфиріне хабарласып, алған әсерімен бөлісті.

Антон Зыкин, Италия EXPO-2015 қатысушысы:

Қайырлы кеш, отандастар! Италияға жеткенге дейін біраз ел аралап келдік. Бірақ Миланға енді жеткенде, жолдан шаршағанымызды бірден ұмыттық. Бұл елдің, қаланың әсем жерлері өте көп. Әсіресе, павильондарды бірнеше рет аралап, кереметіне тоймадық. Қазақстаннан келген біртоп адамдардың назарына біздің еліміз жайлы түсірілген бейнебаян ұсынылды. Суретші қыз құммен жасалатын шоу арқылы Қазақстан елін таныстырып, ұлттық құндылықтарды көрсетті.

Тағы бір тарихи маңызы бар сәттердің бірі, бүгін Италия елінде Қазақстан күні болып есептеледі екен. Осыған байланысты, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сөз сөйледі.  Ал біз болсақ, бір қатарда өтіп бара жатқан Италия елінің премьер-министрімен амандасып та үлгердік. Ол да бір ұмытылмас әсерлердің бірі деп ойлаймын.

Бірер сағаттан соң, біздің отандық жұлдыздарымыз Милан сахнасында өнерлерін паш етпек. Олардың қатарында: Rin’Go тобы, Асылбек Енсепов, Индира Едильбаева және опера әншілері бар.  Біздің беделді, білікті мамандарымызбен қатар әлем спортшыларында кездестіруге болады. Жаңа ғана Александр Винокуровтың осында жүргенін көрдім. Өзіміздің ел мақтаныштарын көріп, жүзіміз одан әрі жарқырайды шынымен.

Жалпы алғанда, екі елдің достастығы бірден байқалады. Италияның біздің елге деген құрметі зор. Дәл қазір, қазақтың ұлттық тағамы бар мейрамханаға жол тартамыз. Көріскенше, достар!

Антон, сен үшін өте қуаныштымыз! Әлі талай беткеұстар тұлғалармен жүздесетініне күмәніміз жоқ! Аман-есен елге оралуына тілектеспіз!

29 Июня 2015
5364
Автор: администратор
Категория: Новости
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
template empty: auth_no2 ()
youtube instagram