Сахнаға оралған әншінің жаңалығы...

Алтынбек Ташимбетов

«Айтшы жаным» хит әнінің орындаушысы Алтынбек Тәшімбетов көптен бері тыңдармандарын жаңа әуенмен қуантпай жүргені мәлім.  Осы орайда, 1show.kz журналының тілшілеріне әнші сахнадан тыс өмірі жайлы айтып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті.

  • Шығармашылық жағдайыңыз қалай?

Менің ойымша, баяу, бірқалыпты. Жақында  Нұрлан Еспановтың «Биле қарындас» әніне жаңа бейнебаян түсірілді. Бұл өлең өзге әндер сияқты емес, аса көңілді, жайдарлы әндер қатарына жатады. Жастарға ұнайды деген сенімдемін.

  • Сізді халық лирикалық әндерімен танып келеді. Неліктен стиліңізді өзгертуге бет бұрдыңыз?

Өткен жылы «Қарындасым» атты лирикалық әнін жазған едім. Сезімге толы, жан түршіктіретін, мағынасы терең туындылардың бірі болып шықты. Жылататын әндерді жаза бермей, осы уақыттан көңілді стильдегі әндерді орындауға бет бұрдым. Осындай тұжырымды ұстанамын.

  • Тәжірибесі бар өнер иесі ретінде отандық шоу-бизнес жайлы пікіріңіз?

Шыны керек, шоу-бизнесті не бар деп, не жоқ деп айтуға келмейді. Қазіргі кезде 60-70% той-бизнесте  алатын орны зор. Дегенмен, шоу-бизнесіміз де тіршілігін жасауда. Еңбек етіп, атсалысып жатқан продюсерлеріміз бен өнер тарландары баршылық.

  • Өнеріңізге  қатысты қандай жоспарларыңыз бар?

Бастаған істің түйініне жету. Он жыл ішінде түрлі байқауларға қатысып, сахна төрінде өнерімді паш етсем де, Республика сарайында жеке концертімді бермеппін деген ойға келдім.  Алдағы уақытта жора-жолдастарымның көмегімен ұйымдастырсам, тіпті жақсы болар еді.

САЛТА  ГАББАС

14 Апреля 2015
7272
Автор: администратор
Категория: Новости
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
template empty: auth_no2 ()
youtube instagram