Астанаға демалуға келген Мөлдір Әуелбекова Orda fm радиосының «Кешкі time» бағдарламасына және 1SHOW.KZ журналына уақыт бөліп, сұхбат беруге де үлгерді.
«Кешкі тайм» әдеттегідей эфирді көңілді, лепті, сергекті етіп бастады. Сұлу да нәзік Мөлдірдің елордамызға негізінен демалуға келгенін жасырмай, жол жүрмес бұрын біраз істерді тындырып кетпегін айта кетті. Көпшіліктің өмірлік мәніне айналған әлеуметтік парақшаларда танымал әнші жайлы ақпараттың шын не жалғанын сөз етіп, әзілге ұштастырып отырды.
Сонымен қатар, «Кеш You» тобына қайтып келді, қайтып кетті және Баян Есентаеваның продюсерлік орталығынан екінші рет кетіп қалды, деген әңгімелер төңірегінде шектеліп қалмай, бүгінде жас әрі беделді жұлдыздың шығармашылық жағдайына да тоқталып кетті. Дегенмен, халық аузында жүрген өсек-аян емес, Мөлдірдің топты енді рет тастауына қыздардың аптасына он екі, он үш рет ұшақпен ұшатыны яғни, үйреншікті емес талаптары әсер еткенін растады. Денсаулыққа зияны тиюі ықтимал деп, өз ойын ашық білдірді.
Әншінің сахнадан тыс жүріс-тұрысына қатысты қойылған сауалдарға берген жауабы:
Мөлдір ӘУЕЛБЕКОВА, әнші, актриса, тележүргізушісі:
Үйде болған кезімде әлі күнге дейін қатты еркелеймін (күліп). Үй шаруасын тыңдырғым келмей, жалқаулығым ба еркелігім бе басым болып тұрады. Бұл негізі ешкімге айтылмаған ақпарат. Дегенмен, уақыт жоқтың қасы деп, ақталамын.
Басылым беттерінде жиі айтылатын, үнемі ел аузында жүретін Мөлдірдің жарнаманы қажет етпейтіні белгілі болды. Шығармашылық жолдың бастапқы кезеңінде топпен ортақ жұмыс жасап, жеке тұлға ретінде дами алмағанымен де бөлісті. Жеке шығармашылығы кино, ән, жүргүзушілік әлеміне аяқ басқалы өрге жүзді.
Қазіргі таңда, Мөлдір тыңдармандарын жаңа әнмен емес, жаңа жобасымен таңқалдырмақ. Әншіліктен алыстамай, басқарушылық жолға бетбұрыс жасаған батыл қыз Индира есімді жас әншімен тығыз қарым-қатынас орнатып, шоу-бизнестің қырсырымен таныстырып жатқанын мәлім етті. Жаңа қырынан көрініп жатқан Мөлдірге және оның продюсерлік қызметіне мол табыс тілейміз!
Салта ГАББАС