Жаңа сайттың мүмкіндігі мол...

Астана, 1SHOW.KZ, тәтті тағам, әңгіме-думан, селфи, шоу-бизнестің жарық жұлдыздары аса маңызды мерекелік кештің сәнін келтірді. Өңірімізде ғана емес, Қазақстан төңірегінде танылып жүрген той ұйымдастырушылары жаңа сайттың ашылуын салтанатты түрде тойлады.

Қуанышқа ортақтасып келгендердің арасында асаба, шоумен және белгілі тележүргүзушілер, эстрада жұлдыздары, шоу-бизнес әлемінің білікті мамандары жылы лебіздері мен ниеттерін білдірді.

Күйбең түрлікте тер төгіп жүрген өнер тарландары көптен көріспеген достарымен әңгімелесіп, мол дастарханнан дәм татып, өздерін еркін әрі жайлы сезінгені байқалды.

Тек өнерде ғана емес, өмірде де екі жолдас болып танылып жүрген Бахтияр Арынгазин мен Жасын Канбаев кеш қонақтарына жайдары көңіл, керемет күлкі сыйлады. Сонымен қатар, Әли Оқапов, Алмас Кішкенбаев, Алтынбек, Ерлан Кокеев, Карина Каренина, Нэр, «Спарта» КВН командасы,  101 тобының әншісі Ербол өздерінің құрметін көрсетті.

ДИНАРА АДАМ, «ADAM Media Group» компаниясының жетекшісі:

Қазақстан шоу-бизнесі жайлы ауыз толтырайтындай көп мәлімет айтқанды жөн көрмеймін. Дегенмен, эстрада, сахна бизнеспен етене байланысты. Бүгінде бірнеше байқауды жүзеге асырғаным рас. Біреуі жалғасын таппаса, бірі халықаралық деңгейге шығуға әсерін тигізді. Қазір жұлдыздардың арасында патриот болу әдетке не сәнге айналғаны ақиқат.

1SHOW.KZ атауы бар мерей-той ұйымдастырушылары, эстрада жаңалықтары мен эксклюзивті сұхбаттар жайлы ақпарат көпшіліктің назарына бағыты мен бейнесі өзгерген сайт арқылы ұсынылады!

Салтанат ГАББАС

6 Марта 2015
5805
Автор: администратор
Категория: Новости
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
template empty: auth_no2 ()
youtube instagram