Анонс ток-шоу «Выход есть»

выход есть

Қазіргі таңда көпшілік қауымның сүйікті ток-шоуына айналған «Выход есть» бағдарламасы қоғамдағы астарлы тақырыптарға мән беруде. Бұл жолы өткенге көз жүгірту мақсатында 90 жылдардағы қызықты және қиын-қыстау кездерді еске алып, танымал жұлдыздарды ойларымен бөлісуге шақырды. Сонымен қатар, шоу-бизнес ақпарат ағынында өзіндік орны бар 1show.kz компаниясы мен «Лига джентльменов» жобасының өкілдері Азамат пен Антон «кеше және бүгін» өзегінде пікірлерін қосты.

Жиырма жыл ішінде сан-алуан өзгерістер әрбіреуімізге әрқалай әсерін тигізгені белгілі. 1990-2000 жылдардың тәтті де ащы уақыттарына күн кешкен  сахна төрінің беделді көрсеткіштерінің қатарында: Ерлан Көкеев, Евгений Жұманов, Мұрат Аспанов, Диана Снегина, Айқын, Ринат Малцагов, Айжан Нұрмағамбетова, Adam,Ярослав Мелехин т.б. болды.

Сол кездегі ән мен стиль, сөйлеу және жүру мәнері де ерекше болған,  сауда-саттықты табыс көзі ретінде  пайдаланған бастапқы кездер бүгінгі күнгі танымал жұлдыздардың басынан өткергенін қалың жұртымыз білген емес.

Әсіресе, «Такси» бағдарламасының жүргізушісі Мұрат Аспановтың көлік, жаңа техника бұйымдары жайлы айтар әңгімесі зор болды.  Күнделікті тұрмыста қолданып жүрген заттар, мысалы: жаңа шыққан түрлі түсті теледидарларға аса назар аударып, құрылғыларын қалташыққа құптап салатыны жиналған қауымды күлкіге тартты.

Отандық телехикаялардың атасы деп айтуға болатын, «Перекресток» басты рөлді сомдаған «Шамиль» - Евгений  Жұманов: «Шығармашылық өмірімдегі ең қымбат әрі бақытты шақтарымның бірі», деп сыр шерткен болатын. 

«Super star» жобасының қатысушылары Айқын Төлепберген, Ринат Малцагов бала кезінде бірі жұмыртқа сатып, «Love is» сағызына алмастырса, бірі мықты көлік таңбаларын қарапайым көліктерге жапсырғанын және «юпи» шырынына жұмсап отырғанын жасырмай, тентектіктерін ортаға салды.

2000 жылға аяқ басқалы қандай өзгеріске ұшырап, кімнің қандай жетістікке болмаса келеңсіз жағдайларға тап болғанын ток-шоу жүргізушісі Мая Бекбаева сөз мәйегіне келтірді. Түсірілім барысында еркін сезініп отырған  белгілі өнер жұлдыздары ойын айдай анық айтып, «тар жол, тайғак кешу» кезеңдерін аз да көпті мәлім етті.

Өткенді еске салу арқылы «Еуропа плюс» радиосының танымал радиожүргізушісі радиоға дейін бірнеше кәсіпті меңгергені анықталды. Ал, дәл қазір сұлулығы мен қайсарлығы егіз  Диана Снегинаның тыңдаушылары да табынушылары да көп-ақ.

Зымыраған уақытқа қарамастан, өткен мен осы шақты салыстыра білген жөн. Музыка, кино, киім үлгісі, әдет, талғам, көзқарастың заманауи қалыпқа бет бұрғанын оңды құбылыс ретінде қабылдап, туындаған мәселелерді «Выход есть» ток-шоуында талқылаған әлде қайда жақсы.

1show.kz журналының жұлдызды жаңалықтары таусылмасын, оқырман!

Cалтанат ГАББАС

28 Ноября 2014
5672
Автор: администратор
Категория: Новости
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
template empty: auth_no2 ()
youtube instagram