Тойбастарға не салады?

Что кладут в Тойбастар?

Той индустриясымен 10 жылдам астам айналасқанымызға қарамастан, бұл сұрақты бірінші рет қарастырып отырмыз. Сайтымыздың оқырмандары «тойбастарға не саламыз?» деген сұрақпен үнемі бетпе – бет кездесіп отырғандықтан, біздің де қызығушылығымызды тудырды. Үйлену тойда « тойбастар» салтының мағынасы атында тұр, яғни «той» және «бастар» сөзі тойдың ашылу рәсімін білдіреді. Батыста бұл дәстүрді «party starter» деп атайды.

Үйлену тойында «тойбастар» дәстүрі нені білдіреді?

Бізге танымал құпия қоржындар мен сандықтар, кейде, тіпті киізден жасалған ойыншық түйелердің ішінде қонақтарға арналған көптеген сыйлықтарды табуға болады. Сол себепті, тойшыл қауым « тойбастарды» қуана қарсы алады. Бұл, біріншіден, дәстүрді сыйлаудың белгісі, екіншіден, сырсандықтың ішіндегі затты көру мүмкіндігі. Жиі жағдайда қонақтар тойбастардың құрамын алдын- ала біліп отырады. Тіпті, бұл тақырыпқа сәйкес Елорда жұртының арасында « Хан Шатырда болған науқанды тойбастардан білесің» - деген әзіл пайда болды.

Тойбастарға не салады?

Тойбастар той иелерінің қуанышымен бөлісуге келген қонақтарға сыйлық ретінде беріледі. Бұл сыйлықтар тойдың тойға ұласуы үшін берілетін ырым ретінде таратылады. Осындай символдық түрде берілетін қоржындардың ішіне алуан түрлі заттар салынады. Тарақтар, орамалдар, кәмпиттер, иіс сулар, фотожиектеме және әшекейлер. Дәл осы ұсақ-түйектер сыйлық алмасу дәстүрін туғыздырып, болашақ ұрпаққа мұра ретінде берілуі әбден мүмкін.

Тойбастарды пайдалы заттармен толтыру үшін, орталық базардың сөрелері бойынша саяхат жасауға болады. Қазіргі таңда бұл бағыттты көптеген саудагерлер толықтай меңгеріп алды. Дайын қоржындардың бағасы орта есеппен 12-15 000 теңгеден басталады. Тойбастарға арналған қоржындар түрлі – түсті болып қана қоймай, әр түрлі құрамда кездеседі. Жиі жағдайда әр қоржынның құрамы жеке данада ұсынылады.

Орталық базарда саудаға берілген заттар арасынан, сатып алушы қоржын құрамын өз еркімен таңдай алады, және бұл қызмет үшін сатушы жеке төлем сұрау тиісті емес. Көптеген сақина, білезік, алқалар,орамалдар мен мойынорағыштардың арасынан кейде пайдалы заттарды да табуға болады.

Сыйлыққа жақсы қаламсап немесе визиткаларға арналған қалта, білезік немесе далап заттарын тойбастарда тарату жаман белгі болып саналмайды, себебі бұл әрекет дәстүрге деген құрметтің белгісі. Сондықтан, пайдалы да заманауи заттарды сыйлау әр қонаққа жағымды және орынды болады.

Сирек кезде ғана тойбастар ішіне жейделер, брендтік мойынорағыштар, сәнді галстук, қымбат жеңілгектер, түрлі әшекей бұйымдары, жас жұбайлардың суреті салынған ұялы телефондарға арналған тыс қаптары, тұрмыста пайдалы кілтсалғыштар және стильді әмияндар салынады. Тойбастардың бұндай құрамы расында да, қонақтарды қуантып қана қоймай, міндетті түрде күнделікті тұрмыста қолданысқа түседі.

Бірақ, 2017 жылдан бастап танымал болып бара жатқан бірегей сыйлық – ешқашан таба алмайсыздар! Бұл .... Уылдырық! Есімде қалған бір оқиға, осы жылдың сәуір айында Caviar House дүкенінде болды. Дүкен кассасына бір келіншек тақалып: « Мен, үйлену тойына арналған тойбастарға 150 дана арқан балықтың уылдырығына тапсырыс берейін деп едім. Естуімше, бүгінгі таңда бұл өте өзекті!», - деп айтты. Ол, бағасы 5500 теңгеге тең, арқан балықтың уылдырығына қызығушылық білдірді. Сырт әлпеті бойынша өте әдемі және көрнекті, ал құрамында пайдалы және дәмді құтылар қымбат рақат болып саналады. Егер де, қонақтарыңызды таң қалдырып, және де өзіңізге қолжетімді болса, уылдырық пайдалы сыйлықтың ерекше нұсқасы болып табылады.

Алайда, сыйлықтар сұрағы үнемі той иесінің жеке дара қалауымен шешіліп отырады. Жиі жағдайда клиенттер орталық базардағы 6000- нан 12000 теңге аралығындағы сомадағы сыйлықтардың дайын нұсқаларын ұнатады. Бірақ бұл сұраққа ұқыпты және мұқият назар аударатын адамдар да жеткілікті. Біздің тәжірибемізде тойбастарды жекеше толтыру түрлері ғана емес, сонымен қатар, бірегей безендіру мен ұсыну тәсілдері жиі кездеседі. Бұндай жағдайларда ұйымдастырушыларымыздың қиялдары клиенттердің қаражаттарымен ғана шектеліп отырды.

Эксклюзивті тойбастар

Келесі ұсыныс бірегей тойбастардың біртума шешімі бола алады! Сіздердің назарларыңызға, жекеше безендірілген төлнұсқалық араб құрмаларының 11 түрі. Кішкентай бонбоньерка стиліндегі қораптан, қонақ үстеліне арналған үлкен табаққа дейін тойбастарлар да бар. Құрмалар швейцария және бельгияда жасалған бірегей шоколадпен аралас салынады. Шоколад құйылған жекеше құрма жиынтықтарын да таңдай аласыз. Өзіңіздің қалауыңыз бойынша жаңғақ үгіндісі толтырылған тойбастарды да кездестіруге болады. Осындай тойбастар эстетикалық әдемі және логикалық мән береді. Ежелгі заманнан бастап, әр қазақ отбасыны үшін өте маңызды және басты өнім болып саналады. Мысалға, жоғары аталған бірегей тойбастарға арналған құрмаларды «Assyl» дүкенінің мамандары Мекке мен Мадинадан жеткізеді. Бұл араб шейхтарының алдына арнайы табақтарда қойылатын құрмалар.

Тойбастарды дәстүр бойынша әр үстелге бір қоржыннан алып шығады. Бешбармақ сияқты, тойбастарды шығарудың да арнайы нысаны қазақ тойының сценариінде маңызды дәстүрдің бір түрі. Ерте заманнан құрма пайдалы десерт болып саналған. Құрма жайлы аңыз - әңгімелер ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Той төріне келіп отырған қонақтарға осындай таңдаулы тойбастар сыйлай отырып, сіз олардың маңыздылығын атап өте аласыз.

Дәстүрлі тойбастардан басқа, ыңғайлы және қолдан жасалған құрма толтырылған қорабшалар, тек үйлену тойда ғана емес, басқа да мерейтойларда сыйлауға болады. «Тұсау кесер» ғұрыпында сәбидің ала жібін кескен маңызды қонаққа да құрма жинағын сыйлау өте орынды болады. Себебі, құрма жинағының композициясын қонақтың жасына сәйкес жинауға да болады. Бұл сіздің тойыңыздың өте маңызды және көңіл жібітер шарасының бірі болып есептеледі.

27 Июня 2019
34887
Автор: администратор
Категория: Новости
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
template empty: auth_no2 ()
youtube instagram