Кеше Астана қаласының өнер адамдары мен немқұрайлық танытпағандар көмекке мұқтаж Төле би есімді бүлдіршінге қол ұшын берді. Қайырымдылық кешке келген Х фактор жобасының қатысушылары «Трио Z» тобы, ағайынды Жүгінісовтер, әнші Адам, Оралхан Алтынбек, «Family band» пен т.б жұлдыздар барынша үлестерін қосты.
Тату-тәтті отбасында дүниеге келген егіз Әлі би мен Төле бидің болашағы әлі де жарқын әрі зор. Өкінішке қарай, егіздердің бірі Төле би сырқатқа тап болып, ота жасатуға мәжбүр болып отыр. Тиісті қаражатты жинау мақсатында «Спасем тебя Толешка» атты қайырымдылық кеші ұйымдастырылды.
«Чойхана» мейрамханасында атап өтілген кеш осындай жәрмеңке негізінде де өз орнын тапты. Тәтті тоқаштар, кәдесыйлар, әшекей-бұйымдар сатылымға қойылды. Оған қоса, жиналған қауымға аса пайдалы бояулар мен макияж сертификаттары және психологиялық тренингтер жүргізілген болатын.
Уақыттың тығыздығына қарамастан, ұйымдастырушылардың достары мен өнер жолында аса танымал жұлдыздар, «Традициональ» мейрамханасының өкілдері ниеттерін білдіріп, өздері де ыстық ықыласқа бөленіп алды.
1show.kz компаниясының Арт-директоры, Куаныш СЫЗДЫКОВ:
«1SHOW.KZ компаниясы әрдайым бүлдіршіндерге арналған қайырымдылық кештерге қуана-қуана көмегін тигізеді. Шыны керек, бүгін ерекше әсер алдым. Төле биді қолдауға келген қонақтар тіпті барымен бөліскеннен кейін де, өзара тіл табысып кештің соңына дейін болып, керемет әсер алғаны бірден байқалды. Төле бидің тез арада сауығып, үлкен азамат болуына тілектеспін».
Негізгі бастамашылардың бірі, бүлдіршіннің әпкесі Адель Камердинова кештің ойдағыдай өтуіне аса назар салып, қонақтарға ризашылығын білдірді.
Салтанат ҒАББАС