Бұрынғыдай ән айтып, би билейік

Диско 90

Өткен демалыста белгілі әнші Ерлан Көкеевтің ұйымдастырылуымен «Диско 90» атты кеші өткізілді. Кештің қонағы «Иванушки international», Натали, «Руки вверх», «Haddaway» топтары замандастарына керемет көңіл күй сыйлады.

Әр заманның өз әні бар демекші, концертті тамашалауға келген көрермендер мен табынушылар жастық шақтарын еске алып, хит әндерді бірлесіп орындады.

Махаббат туралы әндері ешқашан таусылмайтын «Руки вверх» тобының мүшелері тілшілердің сауалдарына қуана-қуана жауап беріп, өнердегі жаңа табыстарымен бөлісті. 

Аталмыш кештің жүргізушісі Андрей Григорьев Аполлонов отандастарымызбен тез арада тіл табысып, әдеттегідей әзілдесіп, жиналған қауымды тапқырлығымен тамсандырды.

Үнемі жас көрінетін, қазіргі таңда жастың да кәрінің де сүйікті әншісі болып табылатын Натали 90 жылдардағы диско әндерімен қатар бүгінде баршаға таныс «О боже, какой мужчина»  хит туындысын шырқады.

Сонымен қатар, «Haddaway» тобының орындаушылары елімізге деген зор ықыластарын білдіріп, алдағы уақытта етене араласатынын  жасырмады.

Отандық «К-7» тобының жаңа құрамы екі тілдегі белігілі әндерін тарту етіп, Ресей әншілерімен бір қатарда өнерлерін паш етіп, көпшіліктің құрметіне ие болды.

Екі елдің достастығы арта түсіп, ән әлеміндегі жетістіктердің бой алатынына қашанда сенеміз!

Салтанат Габбас

8 Декабря 2014
6305
Автор: администратор
Категория: Новости
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
template empty: auth_no2 ()
youtube instagram