1show.kz – cалауатты өмір салтын қолдайды

Астана Күні

Жақында халықаралық нашақорлықпен күресу күні аталып өтті. Соған орай, 1show.kz Астана қаласының тұрғындарына «Астана – есірткісіз қала» атты аса маңызды концерт ұйымдастырды.

Күні бүгінге дейін, нашақорлық — әлемнің әлеуметтік проблемасы, миллиондаған өмірлерді алып кетіп жатқан ауру, трагедия, өз ауқымы жағынан дүниежүзілік соғыстармен тең, алайда ол, шекараны танымайтын, нәсіл, жыныс, жас талғамайтын дерт болып табылады.

Еліміздің астанасында тұрып жатқан жұртқа салауатты өмірді насихаттау мақсатында, шағын бейнебаяндар көрсетіліп, спорт үйірмелерінің тарландары өз өнерлерін көрсетті.

Кештің жүргізушілері сөзге шешен, келбетті Иван Эрнест пен Жұлдыз Ақбарова екі тілде қатар жиналған қауыммен интеллектуалды, қызықты ойындар өткізіп, сый-сияпат ретінде спорт ойындарының құралдарын тарту етті.

Кеш қонақтары, қазақ эстрадасындағы белгілі өнерпаздары ән айтып, би билеп, күй тартып ауқымды шараның сәнін келтірді. Сонымен қатар, бүгінде жасөспірімдердің арасында кеңінен тараған брэйк биі бойынша батл өткізілген болатын. Жүзден жүйрік болып шыққан топқа жүз мың теңге сертификаты табыс етілді.

ДОС, әнші:

Біздің астанамыз болғандықтан, заманауи ағыммен өмір сүруіміз керек деп ойлаймын. Жас қаламызда есірткіге құмар, ішімдікке салынған азаматтар болмауы тиіс. Осындай күтпеген жерден ұйымдастырылған концерт жұртты таң қалдырды ғой деймін (күліп).

Әсем ән мен тәтті күйге ұласқан кештің соңы диджейлер сайысымен тәмамдалды. Қазылар алқасында танымал, жетістікке жеткен диджейлер: Макс Прай, Годунов, Болат жас бастамышыларға баға берді. Жүз мың теңге сертификатына өнерлі Давинчи ие болды.

Болат, ORDAfm радиосының диджейі:

Негізі, диджейлер арасында осындай сайыстарды жиі өткізіп тұру қажет. Себебі, өнерлі жастар көп, олардың қызығушылықтарын арттырып, диджей индустрияны дамыту керек. Шетелде белгілі диджейлер үлкен жетістіктерге жетіп жатса, біздің диджейлер де осындай құрметке ие болуы әбден мүмкін. Ал, есірткіге келетін болсақ, өз басым қарсымын. Жанымда жүрген жастарға одан да қызықты жұмыспен бастарында ауыртқан дұрыс деп ылғи айтамын.

«Астана есірткісіз қала» өз атына сай, деп кәміл сенеміз. Ауқымды, тартымды, қызықты болып өткен концерт жыл сайын абзал жолын тауып, өз көрермендер санын ұлғайтатын жайы бар.

Салтанат  ҒАББАС

3 Июля 2014
5654
Автор: администратор
Категория: Новости
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
template empty: auth_no2 ()
youtube instagram