Айгуль Иманбаева - актриса, певица, журналистка. Согласитесь, все эти перечисления просто немыслимы без связок со словами «замечательная», «непревзойденная» «великолепная»! Вот теперь становится понятным, что это действительно восхитительная Айгуль Иманбаева и речь идёт именно о ней и её неотразимом творчестве! Она настолько популярна, что её биографию уже давно разобрали на темы для вечерних семейных чаепитий! Поэтому мы расскажем о том, как все-таки приятно работать с Айгуль на концертных площадках.
Как и подобает настоящей звезде, Айгуль выступает в максимальном контакте с публикой, не заводит проникновенных лирических бесед или сценических нравоучений о жизни. Все её интерактивы со зрителем нацелены на максимум отдачи из зала. Она активна и стремительна, её песни ритмичны и зажигательны. И порой действительно диву даешься, глядя на тот резкий контраст: вот, только что ты сидел с ней в гримёрной, рассуждая обо всём по приятельски, а теперь стоя на сцене она так близка и недоступна! Её клипы, на отечественных телеканалах всегда сопровождаются революционными идеями неудержимого новаторства. Её композиции вызывают у зрителя однозначно позитивные и восторженные эмоции. И с каждой её работой остается все меньше сомнений в том, что Айгуль Иманбаева такая одна!
Қазақстандық белгілі актриса, әнші, тележүргізуші – Айгүл Иманбаева 1show.kz ұжымымен жақсы таныс, әрі дос болып келеді. Жақында «Астана жұлдызына» трактормен келіп, бұқараның назарына іліккен досымыз сұхбат беруге қуана келісті.
Айгүл, өткенде «Астана жұлдызы» ұлттық музыкалық бәйгесіне Жанар Айжанова екеулеріңіз трактормен келіпсіз. Бұл идея қалай пайда болды?
Алдымен, Жанар құланмен (понимен) келуді ұсынған (күліп). Кейін ойланып, трактормен келуді жөн көрдік. Себебі, екеуімізде сымбатты да сәнді көйлектерді киіп келіп, құланның үстіне отырғанда ыңғайсыз болатындықтан бірінші идеядан бас тартуға тура келді. Сырт жағынан нәзік болып көрінген Жанар, темір тұлпарды өзі-ақ жүргізіп келді. Өзіміз ғана мәз болмай, адамдарды да қуанта алдық, деп ойлаймын.
Сіз үшін биылғы жылы Астана күні қандай әсер қалдырды? Қандай өзгерістерді байқадыңыз?
Бұл атаулы мерей-тойды бір күн емес, қырық күндей етіп тойлау қазақтарға тән дүние ғой. Жоғарыда айтып кеткендей, екінші жыл қатарынан өткізіліп отырған «Астана жұлдызының» жүргізушілерінің бірі болдым. Сонымен қатар, театрдағы қойылымдарға аса белсенді қатысып, мерекелік кештердe ән айтумен байланыстырып отырдым.
Бүгінде халыққа актриса, әнші, тележүргізуші ретінде танылып жүрсіз, oсы үш саланы ұштастыру ауырға соқпайды ма?
Негізінен, сөзіңіздің жаны бар. Жанымда жүрген адамдар мен қатарластарым белгілі бір саланы таңдап, бір бағытта қызметіңді дамытпайсын ба, деп көп айтады. Бірақ, мен жан-жақты болғанды қалаймын. Шыны керек, әншіліктің, жүргізушіліктің және актерліктің байланысы өзара жақын, тығыз болып келеді. Түптің түбінде, актерлік қабілетім басым. Актриса болу маңдайыма жазылған бақыт, деп білемін.
Той BestStar-ғы жобасының алға қойған жоспарлары қандай? Болашақта қандай авторлық бағдарламаны қолға алар едіңіз?
Бағдарлама жұмысын тоқтатқан жоқ. Жақында біздің жобамыздың екінші маусымы басталмақ. Жаңа түсірілімге дайындалудамыз. Өз басым, актерлікке қызығушылық тудыратын, балаларды еркін сезінуге арналған актерлік шеберлікке бағытталған телебағдарламаны жүргізсем деген ойым бар. Уақыт өте келе, жүзеге асыратыныма сенемін.
Айгүл, сіздің беделіңіздің одан әрі артуына тілектеспіз! Нақты жауаптарыңыз үшін рахмет!
Рахмет! Сіздерге де шығармашылық табыс тілеймін!
Салтанат ҒАББАС