Ел аралап, гастрольдік сапармен тыңдармандарын қуантудан жалықпайтын Айқын туралы шынайы, әрі эксклюзивті ақпаратты ұсынамыз.
Бүгінде әншінің репертуары бірнеше стильдегі әндерге толы. Дегенмен, соңғы кездері шығысқа жақын әндер қатары басым. Солардың бірі, көпшіліктің көңілінен шығып үлгерген «Ерке қыз» әні болып табылады. Бұны халықтың таңдауы мен сұрауы – деп, түсіндіреді әнші.
Өткен жылы елордамыз Астанада жеке концертін беріп, тіпті Қытай елінде 12 рет өнерін көрсетсе, биыл көп күттірмей, көктем мезгілінде Алматы қаласында шығармашылық кешін өткізбек.
Жақында Айқын мен Грузия әншісі Сосо Павлиашвилинің жаңа бейнебаяны көрермендердің назарына ұсынылып, салтанатты тұсау кесерін атап өткізіледі.
Жеке өмірі жайлы тіс жармайтын Айқын ендігі уақытта тыңдармандарын таңдандырмақ. Аталмыш бейнебаянда жұбайын халыққа таныстыратын болады. Әншінің айтуынша, жары мұндай қадамға дайын болмағанмен, кейін жолдасының ауқымды жобасын қолдауға келісімін беріпті.
Әншінің хит әндері көбейіп, шығармашылығы өрлей беруіне тілектеспіз!
Салтанат ГАББАС