16-17 сәуір күндері «Конгресс-холл» концерт-залында «Ұлттық КВН лигасының» ширек финал ойындары өтті.
«Сенсация» ҚазҰУ командасының және «Қорғалжын құрамасының» миниатюралары көрермендердің ерекше ықыласына бөлінді, Тұран университетінің «Fresh» командасы өзіндік қалжыңдарымен, «Минута новостей» сайысында «ҚазГЮУ құрамасы» және «ЕҰУ құрамасы» қызықты, әрі көңілді әзілдерімен көзге түсті.
Ойындардың қорытындысы бойынша келесі командалар: 14 баллмен Тұран университетінің «Fresh» командасы, «Қорғалжын құрамасы» 13,4 баллмен, 13 баллмен «ЕҰУ құрамасы», 11,8 баллмен Қостанай қ. «Угол юрты» командасы және «Көкшетау мемлекеттік университетінің құрамасы», 11,6 баллмен «Сенсация» ҚазҰУ командасы және «ҚазГЮУ құрамасы» «Ұлттық КВН лигасының» жартылай финалына өтті.
Командалардың ойындарын келесі топтағы қазылар алқасы бағалады: «Aynaline» бағдарламасының жүргізушісі Жасын Қанбаев, радиоведущие «ОрдаФМ» радиосының жүргізушілері Азамат Имашев және Антон Зыкин, «Хабар» телеарнасындағы «Жеті күн» бағдарламасының жүргізушісі Нұрсұлтан Құрман, «Жас Отан» ЖҚ Хатшылығының жетекшісі Аян Сакошев және «Ұлттық КВН лигасының» редакторы Тимур Ерджанов.
Ойындарға қолдау көрсеткен демеушілеріміз: «Астана» телеарнасы, Орда ФМ толқыны, «Саят» туристік компаниясы және «Шаңырақ - Медиа» баспасы, «Росинка БИО» ЖШС, «1show.kz» журналы.