Әли Окаповтың алғашқы альбомы жарыққа шықты

Али Окапов

Бүгінде миллиондаған табынушылары бар, тез арада көрермендердің көңілін аулаған, қыздардың арманына айналған танымал әнші Әли Окаповты 1show.kz ұжымы «Арманға» атты тұңғыш альбомының тұсаукесерімен құттықтады.

Әли, алғашқы альбомыңыз құтты болсын! Қазір қандай сезімдесіз?

Рахмет! Бұл енді бірінші альбомым болғандықтан, қатты толқып, қобалжып тұрмын. Еңбегімнің жемісін көріп жатқаныма қуаныштымын! Осындай жетістіктерге жетуіме ықпал етіп, шын көңілден ризашылықтарын білдіріп жатқан адамдарға алғысым шексіз!

Альбом неліктен «Арманға» деп аталады?

Басында «Алға» деп атайтын болғанбыз. Кейін ғаламторда, әлеуметтік желілердегі достарыммен кеңесіп, осы шешімге келдік. Сол себепті, «Арманға» атауын мені сүйіп тыңдайтын табынушыларымның құрметіне арнадым!

Алдағы уақытта ән орындау бағытын өзгерту ойыңызда бар ма? Келесі альбомыңыз қалай ерекшеленеді?

Өнер жолына келгелі бағытымды жан-жақты етіп жасауға тырысамын. Осы жылы бірнеше әндерім жарыққа шықты. Екінші альбомым келесі жылы шығады деп ойлаймын. Осы бағытта аянбай еңбек етудеміз.

Рахмет! Әңгімеміз жалғасын табады деген ойдамыз!

Әрине, сізге де рахмет!

Салтанат ҒАББАС

24 Июня 2014
5546
Автор: администратор
Категория: Новости
Читайте также
Рейтинг статьи: Комментариев:
Комментарии
В данный момент у статьи нет комментариев, но вы можете стать первым!
Добавить комментарий
template empty: auth_no2 ()
youtube instagram