![Индира Расылхан](/data/photos/2287/2287g.jpg)
Егер Сіз Индира Расылхан ханымның өнеріне куә болсаңыз, онда сөзсіз, әншінің шеберлігіне тәнті болғаныңызды мойындайсыз! Халықтың сүйіктісі, әсем әндерімен тыңдарман жүрегіне жол таба білетін Индира Расылхан өзінің жаңа әндерімен және алдағы уақытта жарық көретін жаңа бейнеклиптерімен өзінің тыңдармандарын қуантады.
Астана қаласының тұрғыны болғанына не бәрі бір жыл уақыт болсада, көпшілік қалалық концерттік бағдарламалары мен шығармашылық жобаларына қатысып өзіндік қаладағы орнын тауып үлкен сұраныстарға ие болды.
Индира ханым мерекелік кештерде өзінің жанды дауысымен халықты жандандырып ортаны әдемі әуендермен толтыратыны сөзсіз. Сахынаға шыққаннан-ақ халықтың назарын өзіне баурап, кеш қонақтарын ырғақты әндерімен билете бастайды. Ал жаңа түскен келінді ортаға алып шыққанда, немесе әлпештеп, үкілеп өсірген қыздарын ұзатарда әдемі сазды әуенімен қонақтардың жанын жадыратып, ата-ананың жүректерін елжіретіп жібергенде көзге еріксіз жас келеді. Әрине бұл қуаныштың салдарынан болатын құбылыс.
Кештеріңіз сезімге толы болсын десеңіз Индира ханым Сіздің кешіңіздің кепілі болады.
![](/images/b2-sep.png)